Елімізде жыл сайын 300- ге жуық әйел зардап шегеді.  Кемінде 80 нәзік жанды тұрмыстық зорлықтың құрбаны болып, көз жұмады. Отбасылық зорлық-зомбылық еш тыйылар емес. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комиеті төрағасының міндетін атқарушы тілге тиек етті.

РЕНАТ ВАЗИРОВИЧ  ҚР ІІМ ӘПК ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Әрбір отбасылық дебошир заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды».

Бұл мәселеге Президент те басты назар аударып, нәтижесінде жаза қатаңдатылған еді. Енді тек отбасылық зорлық-зомбылық емес, балаларға қатысты күш көрсеткендер де қатаң жазаға тартылады. Елімізде 4,5 мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Өз балаларын тәрбиелеу міндетін атқара алмаған 8 мыңға жуық ата-ана есепке қойылыпты.