Елімізде ҰБТ- ның басталғанына бір айға жуықтап қалды. Тестілеу  5 шілдеге дейін жалғасады. Ал, төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында)  ҰБТ  12 шілде де аяқталады. Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматыда ол қалай өтіп жатыр? Біздің түсіруші топ түлектермен тілдесіп көрді.

Бұл - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҰБТ осы жоғары оқу орнының интернет залында өтеді. Бүгін тест тапсырушы түлектердің соңы ғимаратқа тексерістен өтіп аудиторияға жіберілді. Оларға төрт сағат уақыт беріледі. Айта кетейік, Алматыда тестілеу орталығы биыл біреу ғана. Сондықтан, күніне бір мың түлек білімін  дәлелдеп, бағын сынайды. 

НҰРСҰЛУ АЛИБИЕВА ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ  МІНДЕТТІ  АТҚАРУШЫ:  «Қазақстан бойынша, 186 мыңға жуық өтініші түсті, соның ішінде 27801 Алматы қаласынан. Талапкерлерге келер болсақ, көңіл - күйлері жақсы.Келген кезде өздерінің жеке заттарын мына ұяшықтарға салып қояды. Кейін металіздегішпен тексеріп, аудиторияға жібереміз. Егер тыйым салынған зат табылса, бірден акт толтырылып тестілеуге кірмейді».

Өкінішке қарай, ҰБТ басталған күннен бері 25 оқушы тестілеу талаптарын бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Деседе, ол үміткерге екіншісін тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бірақ, алғашқысында жіберген қателікке жол бермеу керек.

НҰРСҰЛУ АЛИБИЕВА ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ,АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫНЫҢ  МІНДЕТТІ  АТҚАРУШЫ: «Негізгі  және конкурстық ҰБТ болғандықтан сұрақтарды 70-80 пайызға өзгертуге тырысамыз. Бірақ, мағнасы ұқсас болады».

Күннің аптап ыстығына қарамастан талапкерлерге  ата –ана, туған –туыс, дос- жаран қолдау көрсету үшін келіп отыр. Жедел-жәрдем, өрт сөндіру қызметкерлері де осында. 

ЕРБОЛАТ СӘРСЕНОВ ДӘРІГЕР: «Мұнда қатты ауытқұлар болмайды. Бала қобылжып, естерін жоғалтса, суын беріп, тыныштандырып, түсіндіріп қолдау көрсетеміз.

Араға бір сағат салып, тест тапсырғандар ақырындап шығып жатыр. Солардың бірін сөзге тартып көрдік.

ҰЛАСБЕК ӘМІРХАНОВ: «Көңіл күй қалай? Жақсы. Курсқа қатысқан кезде кураторлар айтатын «өздеріңді ең нашар балл алам деп барыңдар», дейтін. Өзім 60-70 деп ойлағам.Сөйтсем 80 алдым. Қуанып кеттім».

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024  жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. 

Биыл 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75% – ы қазақ тілінде, 24,9% - ы орыс тілінде, 229 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.