Түрлі қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін лобаранттар жалақсын көтеріп, отандық зертханалар базасын жаңарту керек. Сенат депутаты Әли Бектенов бүгін жоғары палатаның отырысында аталған саланың былықтарын жіпке тізді. Әсіресе, еліміздегі азық-түлік тексеруге арналған зертханалардың хәлі тым мүшкіл екен. Ал, ұрпақ денсаулығы үшін ең алдымен осы азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орындағы мәселе емес пе деген сенатор Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, қордаланып қалған  проблеманы оң шешуді сұрады. 

ӘЛИ БЕКТАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Лабараториялардың көпшілігінің қызмет ету мерзімі 50 жылдан асқан. Апатты немесе жалға алған ғимараттарда орналасқан. Ондағы көптеген құрылғылар ескіргенімен қатар, өндірістерден де шығарылған. Осылай 2016-2023 жылдар аралағында 15 зертхана жабылған. Зертханалардың жетіспеуі, құрал-жабдықтардың тозуы облыс, аудан көлемінде қатты байқалады. Өз өңірлерінде тиісті зерттеулер өткізе алмаған шекара бойындағы фермерлердің ресейлік зертханаларға жүгінуі қалыпты жағдайға айналды. Ал базарлардағы азық-түліктің сапасын анықтау жеке зертханалардың еншісіне берілген. Құрал жабдықтары нашар. Өздері сол базардан жалға алынған ғимаратта отырған зертханалар әрине базар иесіне тәуелді. Қандай анықтама бер десе соны беріп отыра береді. Біздің ойымызша азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің бақылауында болуы керек. Ветеринарлық қызметкерлер арасында ең төменгі жалақыны лабаранттар алады. Шамамен 100-110 мың теңге. Ал санитарлық эпидемологиялық зертханадағы мамандардың жалақысы арасында дизбаланс пайда болған. Врач, вирусологтардың жалақысы 320 мың көлемінде болса, биолог, эндимолог, химик 140-150 мың теңгенің көлемінде ғана жалақы алады».