Алыс жолға шығуды кейінгі қалдыра берсеңіздер болады. Еліміздің біраз бөлігінде ауа райының қолайсыз болуына орай автожолдар әлі де жабық. Бірқатар өңірлерінде қар жауып, боран соғып, екпінді жел соғуда. Табиғаттың тосын мәнезіне байланысты кейбір жолдар толығымен жабылды. Автомобиль жолдарындағы жағдай қиындап, республикалық трассаларда көп шақырымдық кептелістерге әкелді. Ауыр жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына уақытша шектеу бірнеше күннен бері қолданылып келеді.

Қазіргі таңда жол Түркістан облысынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық тұр. Қуантарлығы жолдың ашылуын күтуге мәжбүр болғандардың барлығын жергілікті әкімшілік ыстық тамақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.