Енді 55 жасқа толған кеншілер мемлекеттен арнайы төлем алатын болды. Жаңа құжат бүгін Сенатта екінші оқылымда мақұлданды. Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуемттік қорғау министрі арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болатынын айтқан еді. Сенатта көтерілген өзекті мәселелер туралы алдағы бейнематериалда.

Қоғамдық бірлестіктер құру рәсімдерін жеңілдету және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында жазылған жаңа құжатты бүгін Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады. Заңға сәйкес енді 55 жасқа толған кеншілер арнайы төлем алуға құқылы. Бұл қосымша қаражат келесі жылдан бастап төленеді.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады.

Одан бөлек, бүгін сенаторлар парламент мінберінде газ және лифт мәселелерін көтерді. Олар тұрғын үйлерде газ баллондарының жарылуы мен лифттердің құлауына алаңдаулы. Бұндай оқыс оқиғаны болдырмау үшін үкімет өзі араласып, қауіпсіздік пен жауапкершілікті бір министрлік мойнына жүктеу керек дейді.

БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Тұрғын-үй инпекторының қолынан келетін әрекет бұл тұрғындардың шағымдары бойынша шығу және лифт кабинасында жарық жанып тұр ма жоқ па соны анықтайтын тексеру парағын толтыру ғана, яғни лифтпен түсу немесе көтерілу өте қауіпті десем артық болмайды. Болашақта да бұл салада газ сияқты оқыс оқиғаның орын алмауына еш кепілдік жоқ. Бірінші газ және лифт саласында қауіпсіздікті қадағалау үшін ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің жауапкершілігін күшейтуді, еліміздегі тұрғын үй ішіндегі мерзімі өткен лифтерді ауыстыруды, осы аталғандар бойынша арнайы комиссия құруды депутаттық сауалға заңға сәйкес жауап беруіңіз сұралады.

Ал, сенатор Бибігүл Жексенбай денсаулық сақтау саласын сынға алды. Депутат келтірген дерекке сүйенсек, Қазақстан қызылша жұқтырудан әлем елдері арасында үштікте тұр. Тіпті Африканың алдына шыққан.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Қазақстан цифрландыру бойынша алға шықты деп мақтанғанымызбен, вакцинация туралы мәліметтер әлі қағаз дәптерде болуы түсініксіз. Жалпы дамыған елдерде дәл осы иммунизациялау бірінші кезекті цифрланған. Әр азаматтың қашанғ қандай вакцина алғаны сол мемлекеттік кез келген түкпірінде қолжетімді. Медицина саласын цифрландыру дұрыс жүргізілмей келеді. Неліктен үкімет жылдар бойы екпе жұмысына немқұрайлылық танытып келе жатыр?

Осылай деген бұл мәселені тез арада реттеу керек. Себебі, ел азаматтарының денсаулығы бәрінен маңызды деді.