Енді жалақысын қағаз жүзінде төмен көрсетіп, алимент төлеуден жалтаратын әкелер саны азаяды. Себебі, Әділет министрлігі алимент төлеушілерге қарсы цифрлық жоба әзірлеп жатыр. Одан бөлек, шілде айынан бастап ел азаматтары заң көмегін тегін алатын болады. Кеңесші мен адвокатпен бейне байланыс арқылы хабарласуға болатын мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

БЕКБОЛАТ МОЛДАБЕКОВ ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:"Алимент төлемейтін проблемалы борышкерлер бар.Біз оларды анықтадық. Сондай борышкерлермен   Әділет министрлігінің «Smart Data Ukimet» платформасы цифрлық жобасы күресетін болады.  Олар жоғары жалақы ала тұра, базада әдейі төмен жалақы көрсетіп, алиментті толық төлемейтін адамдар анықталады. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жақын арада бұл жоба іске қосылады деп күтілуде".

Айтпақшы, бұдан былай енді әкімшілік айыппұлдар бойынша  «Роботты енгізу» жобасы іске қосылады. Ол өз кезегінде халық үшін пайдалы болмақ. Бұл жобаны енгізудің оң әсері Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу бойынша азаматтарға қаржылық жүктеме азаяды.