Ерекше қазба жұмыстарымен израильдік археологтар әлемді таң қалдырды. Олар ежелгі Давид қаласының аумағында жартасқа қашалған арналардың желісін тапты. Ол қазіргі Иерусалимнің сыртындағы Храм тауының оңтүстігінде орналасқан.

Тізеге дейінгі каналдар бір-бірінен он метр қашықтықта екі топ болып орналасқан. Бірінші жиынтықта 5 арна, екінші жиынтықта 7 арна бар. Олар әртүрлі тәсілдермен кесіліп, әсем безендірілген. Бірақ, қондырғылар бір-біріне қатты ұқсайды.

ИФТАХ ШАЛЕВ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Бұл канал жүйелерінің қандай мақсатта жасалғандығын біз әзірге білмейміз. Израильде де, әлемнің басқа елдерінде де аналогтары жоқ. Тек, арықтардың жасы біздің дәуірімізге дейінгі 9 ғасырдың аяғына жататынын білеміз. Олар шамамен 2800 жыл бұрын Иерусалимнің бірінші храм дәуірінде салынған».

Археологтардың болжауынша, бұл арналар – кез-келген мереке немесе құрбандық шалу алдында мал сою үшін пайдаланылған. Бұл жағдайда медициналық сараптамалар да жасалды, бірақ еш нәтиже жоқ. Ғалымдар ақылдаса келе «каналдар ағынды суларды бұрмаған» деген қорытындыға келген.

Дей тұрғанмен, сарапшылар тағы бір нұсқаны алға тартты. Арналар кез-келген өнімді сіңдіретін ванна ретінде қызмет еткен болуы мүмкін. Сондай-ақ, олар киімді шайып, кептірген. Бұл нұсқа әлі нақтыланбады. Дегенмен ғалымдар, қалай болғанда да, бұл арналар көне қала тұрғындары үшін маңызды рөл атқарды деп есептейді. Себебі, жүйелер су көзінің жанында жасалған және өнеркәсіп дамыған, халық тығыз орналасқан қала аймағында орналасқан.