Елімізде сирек кездесетін ағаштарды өсіретін маңызды мекеме бар.Ол,Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдіктер,ғалымдардың еселі еңбегінің арқасында қазақтың топырағына бейімделіп алған.Таңғажайып мекенді көріп қайтқан түсіру тобының материалына кезек берсек.

Жеміс ағаштарымен қалаларды безендіруге арналған өсімдіктерді өсіріп отырған. Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағының алар орны ерекше. Дендропарк питомнигінде бапталып жатқан сәндік ағаштарды Астана, Алматы және өзге де облыс орталықтарынан көруге болады.

РУСТАМ ИСМАИЛОВ БЕЗЕНДІРУ МӘДЕНИЕТІ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:

«Әрине көшетті отырғызған кезде әр өсімдіктің ауыратыны белгілі.Егер дұрыс күтім болса,бойбермей өсіп кетеді.Өздеріңіз көріп тұрған мына қарапайым ағашқа,бір жылдай болды.Біз бұл ағаштарды қала мен аудан орталықтарын,ауылдарды безендіру үшін өсіріп жатырмыз.Тапсырыс берушілердің талғамына міндетті түрде қараймыз».

Дендропарк аумағында Азия,Америка,Еуропа және әлемнің басқа да аймақтарынан әкелініп бейімделген  ағаштар мен бұта өсімдіктерінің 1000-нан аса түрі бар. Бұл ағаштар ерекше күтімді қажет ететін болғандықтан,ғалымдар тиянақты тұрғыда қызмет жасап жатыр.

Өсімдіктердің өнімділігін жақсарту үшін дендропарк аумағында арнайы зертхана жұмысын жасауда.Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған.Мамандар ПТР-талдау жүргізетін кешенде ағаштармен өсімдіктердің микроклоналдық жолмен көбеюін және түрлі аурулардан ада болуын қадағалап отырады.Айта кететін тағы бір мәселе,мұнда мамандар көшеттерді ыңғайлы түрде отырғызуға бағытталған мынадай ноухауды ойлап тапқан.

ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ

«Дендропаркте сәндік ағаштарынан бөлек, қатары сиреп бара жатқан жеміс ағаштары да бар. Онда сиверс алма ағашы мен өрік генофоны құрылған. Тәжірибиелі мамандар жоғала бастаған сорттарды жаңғырту мақсатында будандастыру тәсілдерінде тиімді пайдаланып келеді.Саябақ ішінде 62 гегтар жерде арборетум орналасқан. Онда көп көре бермейтін,сирек кездесетін ағаштарды байқауға болады.Өсімдіктердің 1000-нан астам түрлері бар».

 ДАМИР НҰРБЕКҰЛЫ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дендропарк мамандары үнемі ізденіс үстінде.Өйткені көгалдандыру маңызды.Топыраққа төзімді өсімдіктер мен ағаштарды бейімдеу үшін тынбай еңбек етуде.Саябақ  аумағында өсірілетін өнімдерге сұраныс жылдан жылға артып келеді.Мәселен сәнді ағаштарын көптеген қалалардан көруге болады.Айналасы жасыл желекке толы дендросаябақ саф ауасымен ерекшеленеді.Көздің жауын алатын раушан гүлдері өз алдына.

ШАМШАТ МУСТАФАЕВ УЧАСТОК ИНЖЕНЕРІ

«Бұл жерде раушан гүлдерінің үш түрі бар.Сорттары да әр түрлі.Көп жылдық гүлдерге сұраныс жоғары,тұтынушылар аулаларын әсемдеу үшін алып жатады.Адам баласы флора-фаунаға ерекше мән берсе деймін.Біріншіден жақсы көңіл-күй сыйлайды, екіншіден сән береді».

Дендрологиялық саябақ мамандары тұралап қалған саланың бойына қан жүгірте бастады.Алдағы күндері,көгалдандыру жүйесіне байланысты ауқымды шараларды қолға алуды жандандыра бермек ниетте.