Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында түрлі игі бастамалар орын алуда. Мәселен, Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының жастарына үлгі тұтар азаматтарды насихаттау шаралары қарқынды жүзеге асуда.

Жамбыл ауданына қарасты Сарыбастау ауылында орын алып отырған шараның мәні бөлек.Алтын бесіктен орын тепкен білім ошағына демеушілік танытып келе жатқан аға буынның басын қосып, алғыс айтылды. Қамқорлық көрсетіп,өскелең ұрпаққа үлгі болаған оларға ерекше ілтипат көрсетілді.

СӘУЛЕ ӘЛІМҚҰЛОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Жастарға дұрыс тәрбие беру үшін алдымен үлгі болған абзал.Сонда барып, ұлтжанды ұрпақ қалыптасады. Сарыбастаулықтардың қолға алып жүрген акцияларының түп мақсаты осы деуге болады. Шараға қатысуға келген ауылдың бетке ұстар азаматтары тәуелсіздіктің құрметіне арналған игі бастамаға куә болды.Алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

САЛТАНАТ ЕРӘЛИЕВА ҰСТАЗ 

МҰРАТҚҰЛ ӘСЕМҚҰЛҰЛЫ КӘСІПКЕР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ