Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды. Нақтырақ айтар болсақ, 21 қаңтар таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу жолының Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кетті.Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЕРЛАН СЕҢГІРБАЕВ ШУ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Теміржол қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыс іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді».

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.