Алматы облысында жан түршігерлік апаттан бір отбасының төрт мүшесі қайтыс болды.  Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнынан Шелек ауылындағы ауруханаға дереу жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ішінде жеті адам болған Toyota Hiace шағын автобусы жолдан аударылып кеткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізілді.  

ЕЛЖАН ЧУПЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  «Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында, 105 шақырымда микроавтобус Тойота жүргізуші рульіне ие бола алмай жолдан аударылып кетті. 4 адам орында қаза тапты. 3 адам ауруханаға жеткізілді»