Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әсери-патриоттық қозғалысы шәкірттерінің ата-аналары дау шығарды. 

Даудың басы - жас сарбаздарға бөлінген ақша қайда кеттіден? басталды. Баласы үшін бәріне дайын ата-аналардың сөзінше, әкімдік алғашында қаражат бөліп, оқушыларды әскери киіммен қамтамасыз етіп отырған. Ал, кейінгі жылдары киім бермек түгілі бөлінген ақшаны көрмедік, амалсыздан барлығын өз қалтамыздан шығардық дейді.

МЕЙРАМГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА АТА-АНА «5 жыл бойы осы мәселені көтеріп келе жатырмыз. Алдағы уақытты 5 жыл бойы осы балалармен жұмыстанамыз, түрлі жарыстарға жібереміз, түрлі шараларға қатысады деген уәделер болған. Одан кейін 1 рет берілді, ол кезде балалар 10 жаста, қазір 15-те. Ешқандай форма берілген жоқ. Форма беріледі деп жылда уәде беріледі. Ақша бермей жатыр деп күттіріп қояды. Одан қалды өлшемдерін алып, жылда ешқандай форма берілмейді. Мына форманы осы отырған ата-аналар өзіміз алып беріп жүрдік»

Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде  «Жас сарбаз» әсери-патриоттық қозғалысы 2019 жылы 5-9 сыныпта оқитын 26 оқушымен ғана ашылған. Ондағы мақсат - өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілік қасиетін дарыту. 

ЮЛЬЯ ШЫНЫБЕКОВА БҚО ШАҒАН ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ «Оқушылардың жағдайында нақты мәселе киім жағынан. Себебі тек 5 сыныпта қамтылған болатын, бас киімінен бастап аяқ киіміне дейін. Бірақ содан кейін болған жоқ. Біздер жыл сайын сұранысты бердік. Былтырғы оқу жылында да болған жоқ. Биылға оқу жылының басында болған кезде тендер ұтып алған компания өздерінің мойнындағы жауапкершілікті орындаған жоқ. Мәселе осында»

Осы бағытта таңдау жасаған мектеп түлегі болашақта әскери маман болуға мүмкіндік ала алады. Бірақ, баланың болашағына сәуле шашқан алғашқы ұстаз оқушыларға бар білгенімен бөлісіп, тұрақты жаттықтырғанымен, қолдау таппаған жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүр болған. Бұл жайтқа білім беру бөлімінің бас есепшісі Гүлсара Мурадимова былай деп жауап қатты:

ГҮЛСАРА МУРАДИМОВА БҚО ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ЕСЕПШІСІ «2019 жылы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында “Жас сарбаз” әсери-патриоттық мектебі ашылды. Сәйкесінше 2019-2020 жылдары оқушыларды әскери киіммен қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасап, қаржы қызметтерін жеткізушілер өз жұмыстарын атқарды. Біз жоғарғы сапаны қажет еткендіктен және тендерде көрсетілген қаражат аз болғандықтан 2021-2022 жылдары ешкім алмады. 2023 жылы тендер ұтып алған компания жауапкершілігін орындамған соң біз оны сотқа бердік. Сот шешімімен қаражат бюжетке жыл соңында қайтарылды. Осы жылы қаржы бөлінуін күтіп отырмыз».

Статистика бойынша, Қазақстан әлемдік жастардың даму индексінде 150 мемлекеттің ішінде 54-орында тұр. Әлі де алдыға жылжу үшін үкіметтен бөлінген қаражаттың өз орнына жұмсалуы абзал болмақ.