"

Жетісу облысында газдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Көксу ауданы Мұсабек ауылының тұрғындары  қыста от жағып, көмір түсіріп шығындалмайтын болды. 178 шаңырақ табиғи газға қосылды.

Көгілдір отын келіп, қуанған көптің бірі – Алтыншаш Мұташева.Күміс алқа иегері 72 жаста.Ауыл тұрғыны табиғи газды күткеніне көп болыпты. Көгілдір отын тұрмыстарын жеңілдете түсеріне қуанышты.  

АЛТЫНШАШ МҰТАШЕВА  АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Ауылда газдандыру жұмыстары наурыз айында басталған.Оған бюджеттен 524 млн теңге бөлінген. Айта кетейік, бұл аудандағы газдандырылған 8-ші елді-мекен. Келесі жылы тағы 12 ауылды көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.

АЙДОС БЕКЕТАЕВ  ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жалпы, Жетісу облысында 288 мың абонентке газға қосылуға мүмкіндік жасалған. Жыл соңына дейін жоспарланған 20 шақты жоба толық аяқталса, бұл көрсеткіш өсе түспек. Салаға жауаптылардың сөзінше, 2025 жылға дейін Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі елді мекендер толық газдандырылмақ.