Жұмбақ күйде көз жұмған студентке қатысты тағы да қылмыстық іс қозғалды

Щучинскіде жұмбақ жағдайда көз жұмған студенттің өліміне қатысты Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне тапсырма берді. Еске сала кетейік, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында жоғары техникалық колледжінің 4-курс студенті Роман Бодаговтың өлі денесі Бурабай курорты мен Кенесары арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Әлеуметтік желіге марқұм студенттің анасы Президент пен Ішкі істер министріне видео үндеу жариялаған болатын.

Марқұм студенттің есімі Роман Бодагов. Анасының сөзінше, ұлы 6-шы қазанға қараған түні үйден шығып кеткен. Жоғалып кеткеннен кейін жарты сағатта темір жол өткелінде мәйіті табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Алайда, туыстары мен жақындары жас жігіт өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Надежда Бодагованың айтуынша, Богдан көңілді, жанашыр бала болған. Ұлын одан ақша бопсалағандар өлтірді деп санайды.

НАДЕЖДА БОДАГОВА-МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Ұлым ақша туралы ештеңе айтқан жоқ. Біз ол туралы кейін білдік. Балам бақытты өмір сүргісі келді. Полиция қызметкерлерінен тәртіп орнатуды сұраймын. Біздің қалада балалар ешкімнен, еш нәрседен қорықпай жүру керек. Ұлымның өліміне кінәлілер барық заңға сәйкес қатаң жазалансын. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін әділдік болғанын қалаймын!»

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Щучинск қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

МҰХТАР ҚОЖАЕВ ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында».

Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.