Зергерлік бұйымдар дизайнері анабела чан гауһар тастарды сапасы, анықтығы, карат саны және түсі бойынша зерттейді. Оның қызығушылығы жастайынан басталған.

Бұл зертханада өндірілген мінсіз асыл тастар. Олар жердегі жағдайға ұқсас ортада жасалған. Рас, жылдамдық жүздеген есе артқан. Қалыпты жағдайда алмастардың өсуі миллиардтаған жылдарды қажет етсе, мұнда химиялық процесс шамамен он аптаға созылады. Чан Лондондағы Найтсбридждегі өзінің бутигіне қойылған жұмысын «ғылым мен өнердің» қосындысы деп санайды. Оның айтуынша, он жыл бұрын зергерлік өнерді енді ғана зерттей бастағанда, ол Шри-Ланкадағы асыл тастар шахталарына барған.

АНАБЕЛА ЧАН ANABELA CHAN БРЕНДІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Мен адамдардың жұмыс істеу жағдайларын көрдім және әлемдегі ең құнды тауарлардың бірін өндіру үшін қаншалықты аз жалақы алатынын білдім. Бұл маған мағынасыз болып көрінді. Сол кезде мен балама материалдарды зерттей бастадым. Мен тау-кен өнеркәсібін қолданбай-ақ әдемі жоғары сапалы зергерлік бұйымдар жасауды шештім».

Сарапшы Эдан Голанның айтуынша, зертханалық тастардың нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп келеді. Бұл ретте жаһандық пайда қазірдің өзінде 15 миллиард долларға жетті.

ЭДАН ГОЛАН ТАЛДАУШЫ: «Зертханада өндірілген гауһар тастардың екі негізгі қасиеті бар. Біріншіден, олар табиғиға ұқсас. Екіншіден, бұл арзан балама. Бұл ақша үнемдегісі келетін тұтынушыларды қызықтырады».

Соңғы екі жылда Pandora мен Swarovski зертханада өсірілген гауһар тастардың бірқатарын ұсынды. Және бұл өз нәтижесін берді.Әлемдегі ең ірі зергерлік бұйымдарды өндіруші Pandora алмаз өнеркәсібін қолға алу кезінде танымалдылық пен табыстылыққа қол жеткізе алды.Өндіріс шығындары төмендеген сайын, зертханада өндірілген гауһар тастардың бағасы да төмендейді, қазір бір караттық тас өзінің табиғи баламасынан 80% төмен сатылады. Он жыл бұрын баға айырмашылығы небәрі 10 пайызды құраған.Бұл брендтер басқа жолдармен ерекшеленуі керек дегенді білдіреді.