Израиль әскері Газа секторының солтүстік және оңтүстік бөліктеріне тереңдей түсуді жалғастыруда. Бұл туралы IDF баспасөз хатшысы хабарлады.
Даниел Хагаридің айтуынша, Хан Юнистке қосымша армия бөлімдері орналастырылған. Онда операцияның басты мақсаты - содырларды жерасты туннельдерінен шығару.

ДАНИЭЛ ХАГАРИ IDF ӨКІЛІ: «Біз астыртын соғысқа, лаңкестерді жоюға баса назар аударамыз. Оларды жерде күтіп, олар шыққан кезде шабуылды бастаймыз. Біз Хамасты осы аумақтан қуып шығарғымыз келеді».

Хагари сондай-ақ желтоқсан айының басында соғыс қимылдары қайта жанданғалы бері әскерилер 2 мыңнан астам содырды өлтіргенін айтты. Бейсенбі күні Израиль соғыстағы ең қарқынды бомбалау науқанын бастаған кезде Газа секторындағы шайқастар өршіп кетті. Бәсекелестер бірнеше апта бойы жаңа бітімге келу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда Хамас Тель-Авивке зымыран атқылау мүмкіндігін көрсетті. Осы уақытта Газаның оңтүстігіндегі Насер ауруханасының мәйітханасында жұмысшылар мәйіттердің кім екенін анықтай алмай отыр. Егер жеке басын куәландыратын құжаттар болмаса, мәйіттер тоңазытқыштарда апталап тұруы мүмкін. Хамасты бақылайтын анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Газада қаза тапқандар саны 20 мыңға жеткенін хабарлады. Сонымен бірге үйінділер астында тағы мыңдаған өлілер қалды. Газадағы ауруханалардың көпшілігі қазір жабық, отын мен электр қуатының тапшылығынан байланыс қиын. Сондай-ақ зардап шеккендер туралы деректерді жинау қиынға соғуда.