"

Ислам адамзаттың рухани өмірінің кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан дін. Осы тұрғыдан Алматы қаласында барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесіне орай,  «Ислам руханияты» көрмесі ашылды.
  
Көрме төрінен орын  алып отырған экспонаттарды мазмұндық ерекшеліктеріне қарай Құрандар, тәпсірлер, мұхаммадия және мұхтасар кітаптар, діни мазмұнды кітаптар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі Адам Атадан бастап Мұхаммед пайғамбарымызды қоса алғанда 25 пайғамбар әулетінің, төрт әділ халифаның және ортағасырдағы сопылық ағымның ұстазы Жәлаладдин Румидің шежіресі қамтылған құнды қолжазба көрермендер назарына ұсынылды.

ЖАСҰЛАН МӘЗУЛӘҰЛЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ МУЗЕЙЛІК ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ҚОЛЖАЗБА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұдан басқа шығыстың көне қалалары Стамбул, Бомбей, Мысыр баспаханаларында, Ресейдің Петербор, Қазан сияқты ірі орталықтары мен Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқанд шаһарларының  баспаларынан басылып шыққан Құран кітаптар мен  әртүрлі діни мазмұнды басылымдар құнды мұра ретінде аталмыш көрмеден орын алып отыр. Бұл  іс-шаралар өскелең ұрпақтың иманды болып қалыптасуына зор әсерін тигізетіні тілге тиек етілді.

ӘБДІРАЙЫМ АЛТАЙ

Аталмыш көрме Орталық музейдің 3-залындағы арнайы алаңда орналасқан,шілде айына дейін жалғаспақ.