Испан шаруалары Еуропалық Одақ сыртындағы арзан өнімдердің бәсекелестігіне наразылық танытып шеруге шықты.

Шаруалар ауыр техникаларымен қала көшелерін жауып,жол қозғалысына қиындық туғызды.  Елдегі бағаның тұрақсыздығы шымбайларына батқан олар төккен терлерінің зая кетпеуін сұрайды.

ШАРУА: «20 цент тұратын қызанақ супермаркеттерге 2 еуроға барады.  Олар бізге ақша табуға мүмкіндік беруі керек, өйткені тыңайтқыштардың бағасы үш есе өсті, ал өніміміз 30 жыл бұрынғыдан да арзан бағалануда».

Ереуілдерді Испанияның негізгі үш фермерлік қауымдастығы қолдады.

ШАРУА:  «Біздің өнімдердің бағасы өте төмен, керісінше газ бен тыңайтқыштардың құны жүз пайызға дерлік өсті. 30 жыл бұрын белгіленген бағамен сатамыз,бұлай жалғаса берсе жағдайымыз қиын».

Испания фермерлерін салық мәселесімен қоса квота мен баж салығын алып тастаған украин өнімдері импортының үлкен көлемі, сондай-ақ Оңтүстік Американың Mercosur блогы арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөздердің қайта жандануы жосықсыз бәсекелестікке наразылықты арттырып отыр.