Алматы қаласы мен ел өңірлерінің тұрғындары үшін – диагностикасы күрделі аурулары бар пациенттерге республикадағы ең заманауи толық кардиопакеті және 3D-визуализациясы бар премиум-класты Скенариа Вию 128 КТ аппараты қолжетімді болды. Заманауи бірегей аппаратта зерттеу Алматы қаласы бойынша тек Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми зерттеу Институтында жүргізіледі.

Бірыңғай платформада 3 технология шоғырландырылған: клиникалық химия, иммунологиялық талдау және ионоселективті электродтармен диагностикалық тестілеу. Пациенттер үшін тексеру жүргізу барысында жайлылық маңызды. Науқастар неғұрлым өздерін бос ұстаса, кескін соғұрлым айқын болады, бұл дәл диагноз қоюға және қажетті емдеу туралы бірден шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

МАРАТ ПАШИМОВ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Өздеріңіз білесіздер, бізде ішкі аурулар және қосымша кардиологиялық потология мен науқастар жатады. Соларға жаңа диагноз қою үшін, кардио пакет пен және ішкі аурулардың бүкіл органдарды тексеру жаңа заманауи соңғы үлгідегі аппаратты қойып жатырмыз».

Сонымен қоса, үстелдің көтергіштігінің жоғары болуы тіпті салмағы 250 кг. ірі пациенттерді орналастыруға мүмкіндік береді, яғни қолын зорға көтеретін науқастарды сканерлейді. Philips Epic Cvx жаңа буынының ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі де орнатылды. Ол басқа стандартты ультрадыбыстық жүйелерден эхокардиографиядағы көлемді деректерді бағалау үшін премиум диагностикалық сапасымен ерекшеленеді. Зертханалық зерттеулерге Cobas pure жүйесі орнатылды. Жаңа жүйе жұқпалы аурулар, онкология және кардиологияны қоса алғанда, әртүрлі аурулар бойынша 186-дан астам тестіге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ал, аллергиялық және аутоиммунды генез аурулары бар науқастарды диагностикалауға арналған «Phadia 250» әртүрлі қоздырғыш факторларға аллергиямен барабар күресуге мүмкіндік береді. Phadia 250 халықаралық анықтамалық стандарттарға (ДДҰ) сәйкес келетін клиникалық маңызды антиденелер мен биомаркерлердің сандық нәтижелерін алуға мүмкіндік туғызбақ.