Алматы облысы Кеген ауылының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст қойылды. Ескерткіш қою туралы бастаманы 2024 жылдың қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
Бюсттің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Президенттің пәрменінен кейін,Заманбек Нұрқаділовтың құрметіне өнер мектебінің аты берілген еді.Енді міне заманымыздың заңғар азаматына көпшіліктің көптен күткен сәті орын алды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты.Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.
БЕКЖАН ТҰРЫС ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР
Заманбек Нұрқаділов Алматының алғашқы әкімі болды, сондай-ақ Алматы облысын басқарды, Мәжіліс депутаты және төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Халқының шынайы ықыласына бөленген тұлғаны көпшілік сағынады,оның батылдығымен жасаған жақсылығын еш ұмытпайды.Жас ұрпаққа өнеге болсын деген ниетпен туған өлкесінен ескерткіш бюстті ашып отыр.Бюсттің авторлары – мүсінші Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.Заманбек Қалабайұлы атындағы өнер мектепбі ауылдық қара домалақтар үшін маңызды өнер ошағы.Мұнда балалар бос уақыттарын ұтымды пайдаланып, өнердің түрлі салаларымен шұғылданатын болады.
ГҮЛНАЗ ЖҰМАШОВА З.НҰРҚАДІЛОВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Нұрқаділовтың өмірі мен қызметі туралы "Тек өзім туралы емес" атты кітабының 300 дана тиражы таратылды.