Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында балалар мен жасөспірімдер үшін тегін үйірмелер ашылды.Шағын жастар кешенінің ақысын жерілікті бюджет өтейді. Осындай кеңшілік болған соң, өтініш берген ата-аналардың қарасы көбейіп жатыр. Орталыққа білікті мамандар тартылған,олар қолөнер,спорт секілді салаларға жастардың жігерін жанитын болады.

ЕРБОЛ НҰРМАНҰЛЫ КӘСІПКЕР

Жастарды телефон тәрбиелеген заманда олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану маңызды. Осыған дейін балаларын даладан қалаға тасып жүрген ата-аналар, енді еш жерге сабылмайтын болады.

ҚАЛЕН МҰСАЕВ АУЫЛДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ