Кениядағы Лойсаба қорығында сирек кездесетін қара мүйізтұмсықтар табиғатқа шығарылуда. Мұнда барлығы 21 алып шөпқоректі жануарлар әкелінген. Бұл процесс үш аптаға созылмақ.

Жануарлар Найроби ұлттық саябағында, сондай-ақ Ол-Пежета және Лева қорықтарынан ауланып,  Лойсабаға жеткізілді. Тасымалдау күнге созылды. Қазір мүйізтұмсықтар 230 шаршы шақырым аумақта қоныстануда.

ИСААК ЛЕКОЛУЛ ВЕТЕРИНАР: «Бүкіл қоныстандыру процесінде мониторингпен жұмыс жасадық. Ол мүйізтұмсықтардың қозғалысын бақылап, олардың қалай орналасатынын білу үшін таптырмас құрал болды. Кейбіреулері таңдалған аумаққа қоныстанып үлгерген».

Өткен ғасырда Кенияда 20 000 қара мүйізтұмсық өмір сүрген. 80-жылдары 300-і ғана қалды.Жануарлар үшін басты қауіп - браконьерлер. Мүйізтұмсық мүйіздері Азиядағы қара нарықта керемет ақшаға бағаланады. Сондықтан Африкада заңсыз аңшылық өркендеп тұр.

ДАНИЭЛЬ ОЛЕ ЖАНКЕРЕ ЛОИЗАБА ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Мүйізтұмсықтардың мұнда жүргеніне 10 жылдай болды. Шамамен 50 жыл бұрын оларды браконьерлер жойып жіберген еді. Енді біз ландшафтты жасартып, мүйізтұмсықтарға олардың популяциясының көбеюіне мүмкіндік бергіміз келеді».

Қазір Кенияда 1000-нан астам қара мүйізтұмсық бар. Кейбір қорықтарда олар үшін орын жеткіліксіз.

ДЭВИД ИНДИРЕ КЕНИЯ ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Ауданда олардың саны көп болып жатқандықтан көбеж процесі төмен. Сондықтан біз мүйізтұмсықтардың біразын басқа жерге көшірдік».

Лойзаба қорығында мүйізтұмсықтар көп болған кезде, шамамен 20 жануар жаңа аумақтарға көшіріледі. Кенияда 2037 жылға қарай 2000 сирек кездесетін шөпқоректілер болады деп күтілуде.