Конго тұрғындары су басқан көшелерде қайықпен жүреді. Ескек  орнына - күрек. Барлық жерді бос пластик бөтелкелер мен басқа да қоқыстар басақан.  

Су тасқынына Конго өзенінің төгілуі себеп болды. Ол 60 жыл ішінде ең жоғары деңгейге көтерілді. Су басу Конго ДР және көршілес Конго Республикасының бүкіл аумағында орын алды. Биліктің мәліметінше, соңғы айларда 300-ден астам адам қаза тауып, 300 000 үй шаруашылығы зардап шекті. Ондаған мың үй қирап қалған. Желтоқсан айының соңында су одан да қатты көтерілген. Жергілікті мамандар су тасқыны Конго қаласының астанасы Киншасығада  әсер ететіндігін ескертті. Билік хабарлағандай, халық көп қоныстанған Киншасада бірнеше өңір мен  оннан астам провинциядағы елді мекендерді су басқан. Адамдар биліктің әрекетсіздігіне шағымдануда.

ЖУАНСЕН ЛУКУЛА – КИНШАСАНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Адамдар өз бетінше  және қалаған жерлерге үй тұрғызып тастаған. Ешқандай қалалық жоспарлау жасалмаған, сондықтан су ағатын құбырлар жоқ. Тіпті су ағатын жерлер болса да, олардың жағдайын бақыламайды ".

10 қаңтарда өзендегі су деңгейі теңіз деңгейінен 6 метрден асты. Бұл 1961 жылғы рекордтан сәл аз.