Ақмола Облыстық кәсіпкерлер палатасына жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану мәселелері бойынша бизнес нысандарынан өтініштер келіп түсіп жатыр. Арыз саны бойынша Көкшетау қаласы, Ақкөл, Целиноград аудандары, сондай-ақ Біржан сал ауданы көш бастап тұр.

Кәсіпкерлерден мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану соңғы уақытта жиілеп кетті. Негізгі мәселе – жерді пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану. Кезінде конкурстарға қатысып, мәлімделген лоттарда жеңімпаз атанған, жерді сатып алу келісімі бойынша иеленген кәсіпкерлер көп шағымдануда. Ұзақ жыл өз бизнесін құрған адал жер пайдаланушылар үшін әділетсіздік,-дейді мамандар.

ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ «Шаруа өндірістік базаны да салды, малдың санын да 300-ге жеткізді. Соған қарамастан олар бұл жерді одан тартып алмақшы. Ауылдың жергілікті тұрғындары жер жетпейді деген уәж айтуда. Шаруа алған жайылым жер 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Неліктен мұндай тәуекел пайда болады»

Басты мәселе жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінде. Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері көрсеткіштерді анықтау үшін ұсыныстармен шығуға ниетті, соған сәйкес сотқа талап қою тоқтатылады.

РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ "АТАМЕКЕН" ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Біз уәкілетті мемлекеттік органдарға, орталық аппаратқа, оның ішінде облыстық сотқа осы мәселелерді заң шығару қызметінің алдына қою үшін ұсыныс жасағымыз келеді. Жағдайды өзгерту керек.»