Көлік тізгіндеген бала 5 бірдей адамды қағып кетті. Қазір үш әйел адам үйінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ал, ер адам травмотология бөліміне жатқызылыпты. Оның қабырғалары бірнеше жерден сынған деген ақпарат бар. Зардап шекккендердің арасында кішкентай бала да болған. Оқыс оқиға Жезқазғанда орын алды. Мына видео да машина тоқтап тұр, алайда бүлдіршін қолтежегішті түсіріп жатқанда, көліктің артқа жүріп кеткені анық көрінеді. Аталмыш оқиға бойынша полиция басқармасы әзірге нақты ақпарат бермеді. Сақ болыңыздар!