Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай түрлі игі шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі көпшілік көптен күткен мәдениет үйінің пайдалануға берілуі.

Алматы облысы Жамбыл ауданында көпшіліктің асыға күткен мәдениет үйінің ашылуы – аймақ тұрғындары үшін маңызды оқиға. Жаңа мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жабдықталып, түрлі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған. Бұл жер аудан халқының шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерлі жастарды қолдауға және тұрғындар арасында мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.Айтулы шараның ашылу салтанатына арнайы келген аудан басшысы мемлекет тарапынан шалғайда орналасқан елді мекендерде мәдениет үйлерін ашуға ерекше көңіл бөлінгенін тілге тиек етті.

НҰРЛАН ЕРТАСҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Мәдениет үйінің ашылуы қоғамның рухани өмірін жандандыруға үлкен үлес қосып, өнерсүйер қауым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жергілікті тұрғындар енді концерттер, театр қойылымдары, көрмелер және басқа да іс-шараларды тамашалай алады. Мұндай нысандар өңірлік мәдениеттің дамуына және ұлттық өнердің дәріптелуіне жол ашады дейді Үлгілі ауылының тұрғындары.

ГҮЛЖАХАН ИСАЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ауылдық ағайындарға есігін ашқан мәдениет үйінде талантты өнерпаздар жиналған.Енді олар, тұрғындардың игілігі үшін қызмет етуге сақадай сай. Ауылдық аймақтың басшысы округ көлемінде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығын алға тартты.Басті міндет ауылдық азаматтарға жәйлі өмір сыйлау. 

ТҰРАР БОЛАТХАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ