Қазақ халқының дара тұлғасы, елдегі таеквондо спортының негізін қалаған, халықаралық деңгейдегі таеквондо шебері, спорттың осы түрінен 7-дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Мұстафа Өзтүрік қазақ жерінде көптеген дарында жастарға білгенін үйретіп, арман мақсаттарының орындалуына себепші болды. Сондай шәкірттерінің бірі Байділда Жұмабеков 200 тарта жасөспірімді тегін жаттықтырып спортқа баулып келеді. Аталмыш азаматтың бастамасымен жыл сайын Мұстафа Өзтүріктің атынан Республикалық сайыстар өтеді.Биыл да дәстүрден жаңылмай, жастар арасында жарыстың өтуіне мұрындық болды.

БАЙДІЛДА ЖҰМАБЕКОВ М.ӨЗТҮРІКТІҢ ШӘКІРТІ,ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЕКВОНДО ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарыс,тартысты өтті.Шарада асқан шеберлік танытып,оза шапқандары бағалы сыйлықтармен марапатталды.