2022 жылы Малиде исламшыл топ ұрлап кеткен қарт ерлі-зайыптылар мен олардың ұлдары табылды. Олар Римдегі Чампино әуежайына ұшақпен жеткізілді.

Рокко мен Джованни Лангоне және Мария Доната Кайвано тұтқынға түспес бұрын Малидің оңтүстігіндегі Кутиала қаласындағы діни қауымдастықта тұрған. Оларды «Әл-Каида» содырларымен байланысы бар жиһадшылар ұстап, ұрлап кеткен. Италия үкіметі олардың босатылуын Италия барлау қызметі мен Сыртқы істер министрлігі қамтамасыз еткенін айтты. Олар тайпа өкілдерімен және Мали барлауымен жұмыс істеді. Тұтқынға алынған кезде ерлі-зайыптылар 70-те, ал ұлы 50 жасқа таяп қалған.Олардың Италияда қалған екінші ұлы отбасын босатуға көмектескені үшін үкіметке алғыс айтты.

ДАНИЭЛЬ ЛАНГОНЕ ҰРЛАНҒАН ОТБАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Мен Италия үкіметі мен дағдарыс бөлімшесіне көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Оларды аман-есен көретініме бір күн де күмәнданбадым десем де болады. Менің басымнан өткен оқиғаны ешкімнің басына бермесін».

Мали бірнеше жылдар бойы бүкіл аймақты тұрақсыздандырған исламшыл бүлікшілерді тоқтату үшін күресіп келеді. Сонымен бірге содырлар елді Батыс Африканың басқа елдеріне шабуыл жасау үшін бекініс ретінде пайдаланып жатыр.