Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі Алматы облысында да ерекше қарқынмен кең ауқымда атап өтті.Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев наурыз тойын тамашалауға Талғар қаласына арнайы барды. Мұнда түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылған. Әсіресе, Алматы облысындағы АРТСПОРТ бағдарламасының қатысушылары ұйымдастырған 500 домбырашының күй шерткені ерекше әсерл қалдырды. Мұнда бір мезетте домбырашылар  Әбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйін күмбірлете шертіп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, күйшілер Астана қаласына эстафета жолдады. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты - ұлттық өнерді дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.

МАҚПАЛ АБАНОВА, АРТСПОРТ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨНІМ БЕРУШІ

ӘМИНА НӘЗІРҚЫЗЫ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Мерекелік іс шараға жиналған жұрт салт-дәстүрімізді дәріптеген өнер иелерінің концерттік номерлеріне қанық болды.Сонымен қатар әз наурыздың басты дәмі наурыз көжеден дәм татып, арқа-жарқа күй кешті.