"
Маңғыстау облысында көне затты көзінің қарашығындай сақтап, ерекше іспен айналысатын тұрғынның бірі-Ақылберді Нақов.Ол ескі кілемдерді жинаумен айналысады, тіпті түркі тілдес елдердің 600 ге тарта төсенішін қоржынында сақтап отыр. Бұдан бөлек, 200-250 жыл аралығында тұрмыста қолданған бұрынғы бұйымдармен қатар, 1 ғасырдан асқан кілемдер де бар екен.
Мынау тақыр келеді, мынаның техникасы басқа, мынаны комбинировать етілген көрдіңіз бе?
Ақылберді Нақов бұл іспен 90-шы жылдан бері айналысып келеді. Оның мұрағатында 600 ге жуық кілем бар. Шет елдерден қоныс аударған қандастардың үйлеріне арнайы барып, жәдігер жинайды. Ол осы түркі халықтарының кілемдері мен бұйымдарын жинау үшін ел аралап, кілем көрмелеріне қатысады екен. Осылайша, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Дағыстан, Армения елдері мен ұйғырлар және Моңғолиядағы қазақтардың кілемдерін қоржынға қосқан. Ал Қазақстан бойынша Қызылорданың төсеніштерін әкеліпті.
АҚЫЛБЕРДІ НАҚОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Син-зянь провинциясы деген бар Алматының арғы жағында сол жерде ұйғырдың кілемдерін алғанмын, ескі кілемдерін. Иранға барған кезде иранда кілем көрмесі болды. Кебежесі бар екен қолдан тоқылған жиектерінің бәрі түйенің мойын терісімен тігіліп. 200, 250 , 150, 120 жыл болған жәдігерлер».
Сонымен қатар, Коллекционер әр халықтың тұрмыста қолданған ескі құрал-жабдықтарын да сақтайды. Олардың арасында түрікмендердің қоржыны, қыз ұзатқанда қолданған бұйымдары, өзбектердің қолдан тіккен алашалары мен қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдары бар.
«Бұл нәрсе менде бар болғаны, осы жерде қазіргі күнде қолымда тұрғаны мен үшін өте үлкен байлық».
Алайда, коллекционер кілемдерге қанша қаражат жұмсағанын құпия сақтайды. Бірақ, 170 жыл болған 1 шаршы метрлік кілемді бір жыл бойы күтіп, 2 мың долларға сатып алғанын еске алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген тұрғын осыншама мұраны сақтап қалғанын мақтан етеді. Жәдігерлерді күтіп-баптауға оған жұбайы Қарашаш Толаева көмектеседі.
ҚАРАШАШ ТОЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Менің осы қарайтын өзімнің міндетім, осындай нелері болады жыртылып кетеді енді ескі дүниелер болғасын, соны қайтадан тігемін, қайтадан жасап, орнына әкеліп жасаймын. Содан кейін мынау біздің ағаш үйдің қазақ үйіміздің басқұры мынау. Мына басқарды мен өзім 18 жасымда тоқығанмын».