Алматы қаласы бойынша осы оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, белсенді демалыс өткізу үшін мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын бастады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Жазғы лагерь 27.05-07.06.2024 күн аралығында, яғни, он төрт күн өтеді. Оқушыларға арналған жазғы демалыс жоспарының орындалуына білім ордалары да ерекше атсалысуда. 

Осы орайда Алатау ауданы Дархан ықшам ауданында орналасқан № 210 мектеп-лицейі он төрт күндік мектеп жанындағы жазғы лагері мен спорттық сауықтыру лагерінің ашылу салтанатын өткізді.

Мектеп оқушыларына осы екі апта аралығында арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша керемет іс-шаралар, сайыстар, саяхаттар, шығармашылық жұмыстар өткізу жоспарға қойылған.