Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің 2023 жылғы қызметінің нәтижесі, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде есеп берілді.

НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Холдинг активтері 12 пайызға өсті. Инвестициялық және кредиттік портфелі 10 пайызға артты. Таза пайдасы 400 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына холдингтің жаңа бастамалары мен бағдарламасы туралы айтылды. Бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен,осы жылы холдингтің экономикаға деген үлесін екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде,туризмді дамыту бағдарламасы, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды қаржыландыру және өндеу кәсіпорны бойынша жаңа бағдарламалар іске қосылады. Сонымен қатар, халықаралық қаржы нарығында өз жұмысын жалғастырады. Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді».