Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.Қазіргі таңда  мектептің жай-күйі қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ғимарат 1981 жылы салынып 2000 жылдары қосымша кеңейту жұмыстары жүргізілген. Мектеп қазіргі уақытта, осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған.Тұрғындар заман талабына сай оқу орнын салып беруді талап етуде

МАНАРА АХАНТАЙ МЫҢАДЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Сол себепті бізге заман талабына сай мектеп салынуын қараймыз,Спорт зал керек, мысалы қысқы уақыттарда,балалар класста өткізеді дене шынықтыру сабағын, бізге спорт залға шығып ойнағылары келеді, жеке үйірмелерге барғылары келеді,бізде ондай жағы қарастырылмаған»

Сонымен қатар, мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.

НУРБЕК  БЕКЕЕВ ЖАҢААРҚА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ « Бұл жердегі мәселе қаржының бөлінуіне тіреліп тұр.Жалпы жобалық сметалық құжаттары жасалып дайын тұр.Және осы мектептің алдағы салынуға белгіленген 1 гектар жері де дайын.  Ендігі алдағы уақытта мәселе шемімін табады деп ойлаймыз»

Ұрпағымыз ел тірегі, Келер ұрпақтың келешегін ойлап, балаларымызға жаңа мектеп салуларын өтінген ата-ананың үміті көп.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жұмыстар жалғасуда.