Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы,   дипломат және филология ғылымдарының кандидаты, Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың жалған өмірден өткеніне де қырық күн өтіпті. Заңғар жазушының ұлы былтыр ғана 80 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Тағдырға қарсы тұрар ешкім жоқ, ортамыздан асылдың сынығы мәңгілік мекеніне кетті. Дегенмен өзі кетсе де,артында өшпес мұрасы қалды. Мұрат Мұхтарұлын еске алуға арналған асқа,дара тұлғаның замандастары, ақын жазушылар мен қызметтес болған әріптестері және туған-туыстары жиналды.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ ЖАЗУШЫ

Қазақ мәдениетінің шырақшысы бола білген Мұрат Мұхтарұлы Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды. 1981-1987 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет жасады.Сонымен қатар өзге елдерде елшілік міндеттерін де мінсіз атқарды.Мемлекеттік қызметтерде де абыроймен еңбек етті. Ол нағыз ұлтын сүйген тұлға еді.Қазақ ғылымында шоқтығы биік, асылға айналды.

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, ЖАЗУШЫ