Алматыда мұғалімдердің заманауи сабақ жоспарлаудағы кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында қалалық семинар өтті. Онкүндік шара орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2026 жылы қаңтар айының 22-де Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, "№207 мектеп-лицей" КММ-де "Магия слова - магия нейросетей" тақырыбында қалалық семинар өтті. Филология пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған шараға орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
№207 мектеп-лицейінің директоры Елеманова Алия Сейдекәрімқызының басшылығымен өткізілген семинардың мақсаты - мұғалімдердің заманауи сабақ жоспарлаудағы кәсіби құзіреттілігін арттыру. Сонымен қатар, тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету.
Семинарға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері - Джаманбаланова Гульшат Абдрашитовна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті - Сансызбаева Сандуғаш Кадралиевна, Алматы қаласы білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында ашық сабақтар өткізіліп, заманауи әдіс-тәсілдер көрсетілді. Әрі бұл шара педагогтерге өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және тың идеялармен бөлісуге үлкен мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
