Арал тағдыры – адам тағдыры. Осылай деген мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов аралдықтардың ертеңіне алаңдаулы. Депутат келтірген дерекке сенсек, Аралға деп бөлінген 1,5 миллион доллар көкке ұшқан. Халықпен санаспай, ақшаны игеріп тастаған. Сонда бұл қаражаттың сұрауы кімнен, осы мекенді мекендеп жатқан тұрғындардың болашағы қалай болады? – деген депутат Үкіметке сауал жолдады.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Көкарал бөгетінің құрылысында жіберілген қателіктен ұлы теңіз жағына қарай 48 миллиард текше метр шамасында су зая кетті. Мыңдаған тонна балық рәсуа болды. Енді тиімсіз жобаны жүзеге асырып, осылай Аралдың тағы бір қасіретіне өзіміз жол бермекпіз бе? Тиімділігі төмен әрі эксплуатациясы өте қымбат нұсқаның мақұлдануына жергілікті халық алаңдаулы. Халықпен кездесуге барғанда көзім жетті. Айдыны қашқан теңіздегі халық Су ресурстары министрлігі ұсынған екі деңгейлі схемаға түбегейлі қарсы. Қазір жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банктен 1,5 миллион доллар бөлінген. Бір қызығы, жергілікті халықпен толық келіспей, қоғамдық талқылаудан өткізбей, қаражат игеріліп қойған. Оған мүдделі кім, қаржы мақсатты жұмсалды ма сауалдарды алға тартып, Қамыстыбас көлінің табиғи кешенін бүлдіруге болмайтынын тайға таңба басқандай баяндаған. Халық қырағы».