1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі әскери бортпен туған жері Қызылорда облысына жеткізілді.Жауынгердің кім екені мойнындағы медальон арқылы анықталды. Силан Мәметов 1941 жылы 7 қарашада Мәскеу түбіндегі Апалщино селосы үшін шайқаста қаза тапқан. Жауынгердің сүйегі Мәскеу облысы Руза ауданы Ново-Горбово елді-мекеніндегі бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылған.

ӘУБӘКІР СМАЙЫЛОВ, «АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ

Салтанатты рәсімге облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Атамның аманаты» ҚБ мұражайға Силан Мәметовтың жеке заттары – солдат каскасы мен медальонын табыс етті.