Нью-Делиде кикбокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирден Данияр Жарасов, Аслан Асылбеков, Нұрсұлтан Жақыповты атты  отандастарымыз алтын медаль алып, көк туымызды тағы бір желбіретті! Сондай-ақ, ел намысын қорғаушылар тағы 21 алтынды қанжығаға байлады.

Айтулы турнирде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Сингапур, Өзбекстан, Ирак, Ұлыбритания және Неапольдан келген 620-дан астам кикбоксшы бақ сынады.

ӘДІЛ НҰРЖАУПОВ СҚО БОЙЫНША КИКБОКСТАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: «Біздің бұл үш кикбоксшымыз Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында өнер көрсетіп жүр және үшеуі де Үндістанда алтын медаль жеңіп алды. Олар біздің облыстың намысын қорғап, бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанды. Жаңа жылдың алдында олар Португалияда өткен әлем чемпионатына барып, 2 күміс медаль алып келді».

Спортшылардың ішінде спорт шебері де бар. Солардың бірі – Данияр Жарасов.

ДАНИЯР ЖАРАСОВ ЖЕҢІМПАЗ: «Біз ұлттық құрама командамен 2 жұмалық сбор өттік Алматы қаласында. Содан кейін Нью-Дели деген Индияда международный турнир өтті. Сонда Петропавлдан 3 алтын медаль әкелдік. 3 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеттім. 2 жекпе-жекті Үндістанның спортшысымен өткізіп, нокаупен жеңдім. Финалдық бойда Ирак бокшысымен 3 раунд есеп бойынша ұттым. Жарыс үлкен дәрежеде өтті».  

Жақында Азия кубогы басталмақ. Жеңімпаз спортшылар алдағы уақытты дайындықты қайта бастамақ.