Бүгін 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды. Ол 1953 жылы 23 наурызда туған. 1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған. 1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. «Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ ҚР Президентінің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны да хабарланды.