Орал қаласының бір топ тұрғыны Татарстанда қамауда отырған балалары мен бауырлары үшін алаңдап, көмек сұрайды. Тұтқынға түскен азаматтардан ешқандай хабар-ошар жоқ. Ұсталғандар төбелескені үшін істі болған. Ал бірнеше айға созылған тергеу әлі аяқталар емес.
Бұл әуесқой видео Татарстанда түсірілген. Былтыр күзде интернет дүкен қоймасының жұмысшылары бір-бірімен кикілжіңге келіп, арты осындай жаға жыртысуға ұласқан. Әріптестерімен келіспей қалған оралдық жігіттердің дені осы төбелестен кейін елге қайтыпты. Ал сол сәтте төсіндегі жазу белгісі түсіп қалған 15-інің жеке басын анықтаған полиция ұстап алып, қамап тастаған. Кейін төртеуінің үстінен іс қозғап, қалғандарын жөніне жіберген.
МИРА САТҚАНОВА АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ
АҚСҰЛУ АМАНГЕЛДИЕВА АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ
Дәрменсіз күйде сары уайымға салынған оралдықтар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен көмек сұраса да, нәтиже болмапты.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ
Туыстарының айтуынша қамаудағы төрт оралдыққа қылмыстық ұйым мүшелері ретінде айып тағылыпты. Егер сот кінәлі деп тапса, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.