Кәсібінің нәсібін алып жүрген оралдықтардың тауарлары 1 айдан аса уақыт шекарадан өте алмай тұр. Бұған себеп - Балтық елдерінің кеден органдары ақ-қарасын айтпай, біздің елдің жүктерін өткізбеуінде. Мәселенің мән-жайы кәсіпкерлер палатасында да қозғалды. 

Жергілікті ағаш бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлер не себепті Балтық елдері бұндай шешімге келгендерін түсінбей дал. Шекарада болған тоқтаулардың әсері шығынға батырған.

ИЛЬЯ РЯЗАНОВ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ: "Балтық елдерінің кеден органдары қазақстандық жүк көліктерін өткізбегеніне біраз болды. 23 желтоқсанда экспортқа тауар жөнелттік. Бірақ әлі де шекарада тұр. Нақты өткізбеу себебін біле алмадық. Алуан түрлі сылтауы бар. Жүк көліктерін кері елге қайтара алмаймыз. Керісінше, бұл мәселені қалай шешеміз? Сол жағын ойлану керек".

Кәсіпкерлердің сөзінше Қазақстан мен Еуроодақ кеден органдары арасында келісім жоқ. Дей тұрғанмен, кәсіпшілердің салықтарында кешігулер жоқ.

ЭЛЬМИРА ӨТЕШЕВА БҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Жүк тасымалы кезінде, атап айтқанда Еуроодақ елдеріне мүше Латвия, Литва, Истония, Польша мемлекеттерінде кедергілер пайда болды. Тиелген жүк машиналары шекарада тұр. Бұл тарап қазақстандық өндірушілерге қойылған шектеудің нақты себебін көрсетпейді. Жүргізушілердің қолында барлық міндетті құжаттар бар".

Жүк тасымалы кезінде міндеттелетін құжаттың тізімі болмағандықтан, Еуроодақ елдеріне шикізат тасуда кедергілер тағы бар.

НҰРБЕК ЖҰМАБЕКҰЛЫ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Балтық елдерінің кеден органдары біздің декларация, сертификат сынды заңды құжаттарымызға назар аудармайды да. Оларды шикізат өнімдерін өндіру қызметі алаңдататын сыңайлы. Өткен жылға қарағанда ағаш бұйымдарын тасымалдау көрсеткіші артқан. Сол себепті өнім дайындаудан бұрын негізгі шикізат көзі қайдан алынатыны маңызды болып отыр".

Көктемде Брюссель қаласында Еуроодақ елдерімен кедендік ынтымақтастық мәселесі бойынша үлкен кеңес өткізу жоспарлануда. Сол уақытқа дейін компания өкілдері мен кәсепкерлер палатасына қатысты хаттар жіберілуі керек.