Алматы қаласында дәстүрлі «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтіп жатыр. Ауқымды мәдени шара бірнеше елдің үздік қуыршақ театрларын бір сахнаға тоғыстырды. Фестивальге Қазақстанмен қатар Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен келген шығармашылық ұжымдар қатысуда. Олар балалар мен ересектерге арналған түрлі жанрдағы қойылымдарын ұсытынбақ.
Іс-шара аясында тәжірибе алмасуға бағытталған шеберлік сыныптары, сондай-ақ жетекші режиссерлер мен актерлердің қатысуымен дөңгелек үстел отырыстары өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау және халықаралық мәдени байланысты нығайту. Сонымен қатар, талантты әртістер мен режиссерлерді анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру көзделген. Қойылымдар Алматы қаласындағы Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында, Алматы мемлекеттік қуыршақ театрында, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және Тотальный театрында өтіп жатыр. Фестиваль аясындағы байқаулық қойылымдарды Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркиядан келген халықаралық театр сарапшыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.
ГҮЛНАФИС МЫРЗАШЕВА ҚР МӘДЕНЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ ТЕАТР ӨНЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ “Ортеке қуыршақ театры елімізде 2007 жылдан бері тұрақты өткізіп келеді. Бұл министрліктің бастауымен өткізіліп жүрген іс-шара. Биыл 7-і рет Алматыда өтіп жатыр. Енді Ортекені білесіздер, қуыршақтың бір түрі. Музыкалық аспап пен бірлесіп, балаларға керемет көрініс көрсететін, Юнесконың тізіміне кірген. Сондықтан оны біз мақтанышпен айта аламыз. Бұл жәй ғана қуыршақ емес, еліміздің тарихы, дәстүрі музыкасы, өнері деп”.