Маңғыстаулық оқушы, Нұрасыл Игілікұлы көпке үлгі болар әрекет жасады. Ол қобдишаға жинап жүрген бар ақшасын Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккендерге берді. Жүрегі мейірімге толы Нұрасыл тасқын су басқан қаланы әлеуметтік желіден көріп, көмек қолын созуға асыққанын айтады. Осылайша, жеткіншек Ақшұқыр ауылында жиналып жатқан гуманитарлық көмекке өз үлесін қосыпты. 10 жастағы бала жиған-терген 3 мың теңгені апарып табыстаған. Төртінші сыныптың оқушысы анасы күн сайын берген қаражатты бір ай бойы жұмсамай жинап жүрген. Қаршадай баланың әрекетіне сүйсінген азаматтар оны видеоға түсіріп, желіге жүктеп жатыр. 

НҰРАСЫЛ ИГІЛІКҰЛЫ — ОҚУШЫ: «Менің мамам сабаққа тиын береді. Тамақ алып же, самса алып же деп. Сосын мен оларды копилнигіме салып жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естіп көмектескім келді. Ақшұқырда көмектесіп жатқанын естідім. Сосын мен копилнигімдегі тиындарымды алып, апарып бердім».