«Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Жер –жерді су басып, халық басына күн туған сәтте бұл қуанышты жаңалық дейді пойыз ішіндегі жолаушылар. Жас ана жүктілігінің соңғы айында Павлодардан Түркістанға жолға шығыпты. Келіншектің жанында өз анасы болған. Талдықорғанға жақындағанда толғағы қысып, вагон ішінде екі жолсерік  оны аман-есен босаныдырып алды. Қазір баланың да ананың да жағдайы жақсы. Олар Сары-Шаған станциясында жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Дүниеге келген қыздың есімін Мереке деп атапты. 

7 мыңнан астам адам су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен шығарылды. Қазіргідей қысылтаяң уақытта осы пойыз ғана қауіпсіз көлік құралы болып тұр. Жолаушыларды тасымалдар акционерлік ұйымы да күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Атырау облысының тұрғындарын тасымалдау үшін бүгін арнайы  «Атырау-Құлсары-Мақат» және «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша бір реттік пойыздардың жүруі ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған компанияның ресми өкілі хабарлады. 

НАРИМАН ДЮСЕКЕЕВ «ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  «Жолаушылар тасымалы» АҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуде. Елдің кейбір аймақтарында теміржол көлігі адамдарды тасымалдауға арналған жалғыз құрал болып есептеледі.Су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен барлығы Қарағанды облысы бойынша – 250–ге жуық адам, Атырау облысы бойынша-6,8 мыңнан астам адам шығарылды. Сондай-ақ, Балқаш қаласының тұрғындарын тасымалдау үшін «Балқаш-Қарағанды» қатынасындағы пойызға бір реттік пойыздар мен қосымша вагондар енгізілді».