Париж Олимпиадасының ұйымдастырушылары табиғатқа қамқорлық жасады. Екі стадионда 100 тонна пластикалық қалдықтарды өңдеп,орындықтар жасамақ. Айтулы шараға 50-ге тарта компания қатысып жатыр. 

Мамандардың айтуынша пластикалық қалдықтарды қоқыс өңдеу зауыттарынан әкелмек.

БЕНДЖАМИН СЕН-МАР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: "Пластиктер тазартылады, ұсақталады және осында әкелінеді. Материалдың біртектілігіне көз жеткізу үшін оның қасиеттерін тексереміз. Содан кейін термокомпрессия технологиясын қолдана отырып, біз пластикті жеткілікті берік панельдерге айналдырамыз. Бұл бізге олардан жиһаз жасауға мүмкіндік береді".

Жалпы, зауытта 11000  орындық жасауды жоспарлап отыр. Олар Adidas Arena жаңа спорт және мәдени орталықтарда орнатылады. Онда көркем гимнастика және бадминтон бойынша жарыстар өтеді. Орындықтардың тағы бір бөлігі Сент-Денистегі олимпиадалық алаңға арналған. Өздеріңіз көріп тұрған Обервиллердегі зауыт 2018 жылы ашылды. Мұнда шайыр немесе басқа компоненттерді қоспай пластиктерді қайта өңдейді.  

БЕНДЖАМИН СЕН-МАР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: "Біз өз компаниямызда осы жобада жетістікке жеткенімізді және өнеркәсіптік стартапты нағыз экологиялық таза материалдар индустриясына айналдыра алғанымызды мақтан тұтамыз".

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бағдарламаға 32 спорт түрі кіреді. Жарысқа 206 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.