Педагогтардың мәртебесін арттыруға қатысты қабылданған заң, айтулы саланың қайта түлеуіне жол ашты. Статистикалық дерек көздеріне сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ұстаздық мамандығын алып жатқан жастардың қатары күрт көбейген. Оған бірден бір себеп жалақының жақсаруы, жаңа технологиялардың қол жетімділігі дейді оқу ордаларының басшылары.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Бұл келешек ұстаздардың ұстаханасына айналған №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі. Іргесі 1978 жылы қаланған оқу ордасынан тәлім алған  түлектер, ұстаздық деген ұлы мұратқа жетіп, еліміздің барлық аймағында жастарды тәрбиелеуде. Жаңа бағытқа қадам басқан білім ошағының ұстаздары халықаралық тағылымдамалардан өтіп келіп жатыр.

МАГИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АҚМГПК ДИРЕКТОРЫ

21 ғасыр,жаңа технологияның уақыты.Бүгінде әлем елдерінде барлық салаларда жасанды интелектке көңіл бөліп жатыр. Бұл өз кезегінде санаға сілкініс беріп,технологияның тілімен жоқтан барды жасауға мүмкіндік береді.Бүгін аталмыш білім ошағында геймификацияға студенттерді бейімдеу тақырыбына бағытталған басқосу орын алды. Онда аталмыш жүйенің жастарға берерін сөз етті.

МАГИШАТ ТАСҚАЛИҚЫЗЫ №1 АҚМГПК ДИРЕКТОРЫ