Алматы қаласында педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына бағытталған республикалық семинар өтті. Шара қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі – оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып оқыту, яғни жеке оқу траекториясын қалыптастыру мәселесіне арналды.
Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған басқосуға орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ұстаздар «Жеке оқу траекториясы арқылы нәтижеге жету» тақырыбы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерді талқылап, тәжірибе алмасты. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
ШОЛПАН БӨБЕКБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
АЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ 207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сондай-ақ қатысушылар заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, оқу үдерісін дараландыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы тәжірибелермен бөлісті.
ГҮЛЖАЗИРА СЕЙДАЗІМҚЫЗЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Мұндай кәсіби алаңдар ұстаздардың әдістемелік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесіндегі тиімді тәжірибелерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.
