Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шараларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет бердім. Былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн теңге болған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібі салаларында: машина жасау ісінде 45%, жеңіл өнеркәсіпте 23,9%, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілді».