Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты прокуратура жазықсыз адамға заңсыз іс қозғап, жұмыстан шыққа тергеушінің атынан іс жүргізген. Сорақылықтың басы бұл ғана емес, әділдік іздеп барған журналистерді прокуратура қызметкерлері ғимараттың ішіне кіргізбей, мардымды жауап қайтармаған. Бейбіт күнде әділетсіздікке тап болған жанның жанайқайын тілшіміз Ақтолқын Тұрлығазы жеткізеді.
Даудың басы Ырысбай Әмірғазының баласымен қауышуды аңсап, көрсуге алып кеткен сәтінен басталған. Алатау ауданының прокуратурасы сот шешімін орындамай, баласын алып кетті деген желеумен Ырысбай Әмірғазының атынан іс қозғап, сотқа дейін тергеу амалдарын жүргізген. Бір жыл бойы әділдік іздеп, шар тарапты шарлаған әке, прокуратурамен келіспейді. Аудандық бақылаушы орган жұмыс жасамайтын экс терегушінің атынан іс жүргізген.
ЫРЫСБАЙ ӘМІРҒАЗЫ ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Маған қатысты Алатау ауданының прокуратурасынан заңсыз іс қозғалды. Бұл істің ең сорақысы, келеңсіз жағдайы қылмыстық істі қозғаған, сотқа дейін жеткізген адам ол жоқ адам. Жұмыстан шыққан қызметкердің атынан қылмыстық істі жасап, сотқа түсірген. Және мені заңсыз түрде қылмыстық істің құрамы болмаса да соттап жібермекші болды. Қазіргі таңда, менің мықты коммандамның, адвокаттарымының арқасында белгілі болғандықтан. Прокуратура істі соттан қайтадан алдырып, маған БАҚ-ты шулатпа деп басқа жақтарға шықпа деп қысым көрсетті. «Істі жауып береміз, қылмыстық құрам жоқ екен, біз енді байқап жатырмыз»,- деп адвокаттарыма қаржылай сый беретінін айтқан. Сондықтан мен осы заңсыздықты көрсеткім келіп отыр».
Қоғамдық құқық қорғаушының айтуынша, еліміздегі әр істің үшеуінің біреу заңсыз, немесе жала болып табылады.
ТИМУР ИКСАНОВ ЗАҢГЕР, ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ Біз жұмыс барысында заңсыз қозғалған істер мен жазықсыз жандардың түрмеге жабылуын жиі көзіміз шалады. Әр істің үшеуінің біреуі жазықсыз жандарға қатысты. Қазіргі таңда тіпті жаңа тенденция пайда болды. Істі жұмыс істмейтін, жұмыстан шығып кеткен тергеушілердің атынан жүргізеді. Бұндай жағдай бір емес бірнеше рет тіркелген. Біз осыны қоғамға шығарып, кінәлілердің жазалануын талап етеміз. Мәселен біз, Ырысбай Әмірғазының атынан іс қозғаған тергеушінің ол уақытта жұмыс істемегенін анықтадық. ПД түсінік қағазында барлығы жазылған. Қалалық ПД тергеушінің бұл іс болған кезде жұмыс істемегенін анықтап берді. Мына қағазда диалоктарда, іс қағаздарында барлығы жазылған. Бұл нені білдіреді, біздің елімізде адамдардың атынан заңсыз қозғалып, сотқа беріледі. Тіпті оны тергеп, шешім шығарған прокурорлар жалған болуы мүмкін».
Істің ақ қарасын ажырату үшін Алатау ауданының прокуратурасына бардық. Алдымен күзетші журналистерді ғимараттың ішіне кіргізбей, әбден әбігерге салды. Біраз уақыт өткеннен кейін, кезекші прокурор ешбір сұраққа жауап бере алмайтыннын, бұл іске ешбір қатысы жоқ екенін мәлімдеді».
Журналистер алдағы уақытта жауапты мамандардан Ырысбай Әмірғазыға қатысты заңсыз істің неліктен жүзеге асырылғанын, кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап ететін болады. Ал жәбірленуші бұл істі аяқсыз қалдырмай, БАҚ беттерінде әлі талай ақпараттар жарияланатынын мәлімдеді.