Ресей федерациясының Орынбор облысы тұсындағы кедендік шекара бекетіндегі жол жөндеу жұмыстарына орай  «Маштаков» халықаралық автомобиль өткізу пунктінің тұсында кептеліс пайда болды. Онда 200-ден аса жүк көлігі тұр.

Көрші ел аумағындағы жол жөндеу жұмыстары осы айдың аяғына дейін жалғасады. Сол себепті кептелістің алдын ала алмаймыз дейді БҚО мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін көліктерді бақылау мен тексеру жұмыстары автоматты жүйе арқылы жүргізілген болатын. Ал, қазір мамандар әр көлікті жеке-жеке тексеріп жүр.

АЛТЫНАЙ ӘЛИХАНҚЫЗЫ БҚО МКД БАСШЫСЫ «Тасқала, Шаған, Ақсай өткізу пунктері арқылы жүк көліктерін өткізуге мүмкіншіліктері бар. Бұл жөнінде кірістер департаментінен жүргізушілерге бірнеше рет хабарланған болатын. Инстаграм әлеуметтік желісінде де осы ақпаратты хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда біздің мемлекеттік шекара қызметінде тек қана мемлекеттік кірістер департаменті ғана емес, вито-санитариялық, ветеринарлық бақылау бөлімдері және шекаралық бақылау қызметкерлері жұмыс жасайды».